×
09.05.2022, 13:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады (ФОТО, ВИДЕО)

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info

Елорда әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады (ФОТО, ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Жеңіс күні мерекесі құтты болсын!

Бұл мерекенің тарихымыздан алар орны ерекше. Батыр бабаларымыздың жанқиярлығы мен ерлігінің арқасында елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрды.

Ардагерлерімізді Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтадым. Василий Антонович биыл 96 жасқа келеді. Соғыс уақытында Минск, Варшава, Познань секілді өзге де қалаларды жау қолынан азат етті. Соғыстан кейін теміржол станциясында еңбек етті. Өзінің кәсібилігінің арқасында басшылық қызметтерді де атқарды және теміржол көлігінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Ырзағұл Байкешев биыл 99 жасқа толады. Ғасыр жасаған қария соғыс заманында Польша, Венгрия, Румыния елдерін басқыншылардан босатты. Соғыстан кейін Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде экспедитор болып қызмет етті.

Михаил Васильевич соғыстан кейін темір жол саласында жұмыс істеді, сол сияқты қаланың маңызды нысандарының құрылысына атсалысты: Целинников сарайы, бірінші стадион, ЖЭО, әуежай және т.б, – деді елорда әкімі.

Сондай-ақ қала басшысы соғыстың әрбір ардагерінің, қатысушысының қайғы мен мұңға да, қуанышқа да толы естеліктері бар екенін жеткізді.

Олардың ауыр, «соқтықпалы, соқпасыз» өмір жолы кейінгі ұрпаққа қашанда үлгі болып қалмақ. Батырларымызға қамқорлық көрсету, ерліктерін, есімдерін ұлықтап, құрмет көрсету – бүгінгі біздің басты парызымыз.

Бүгін елордамызда ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп жатыр. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен бірге батырларымызды еске алдық.

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін! Жеңістің 77 жылдық мерекесі құтты болсын! – деді Алтай Көлгінов.  

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері