Нұр-Сұлтан 18°
×
14.04.2022, 10:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған гранттар байқауы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы 14-29 жас аралығындағы белсенді жастар арасында волонтерлық бастамаларды қолдауға арналған 350 000 теңге көлеміндегі шағын гранттар байқауын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған гранттар байқауы өтіп жатыр

Бұл жоба үшінші жыл қатарынан іске асырылуда. Мақсатымыз – азаматтардың, волонтерлар мен волонтерлік ұйымдардың оң бастамаларын қолдау. Бәріңізді елордамыздың өркендеуіне үлес қосуға – байқауға қатысуға шақырамын, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 22 сәуіріне дейін жүзеге асырылады.

Жобалар қаланың экологиялық, экономикалық әлеуметтік проблемасын шешуге арналған және инновация, ғылым, спорт т.б. бағыттар бойынша қабылданатын болады.⠀

Өтінімдер grants.2022@bk.ru поштасы арқылы қабылданады.

Байқау ережесі мен өтінім сілтемесі @ns_jastary парақшасында жарияланған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері