Нұр-Сұлтан 9.2°
×
09.04.2022, 15:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада XV-ші «Шаттық-2022» шығармашылық байқауы өтіп жатыр

Елордада дәстүрлі түрде балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық ХV-ші «Шаттық-2022» шығармашылық байқауы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада XV-ші «Шаттық-2022» шығармашылық байқауы өтіп жатыр
фото: Сұлтан Сеитов

Аталған шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және өнер мектептерінің ұйымдастыруымен 15-ші рет өткізілуде. Ондағы мақсат – балалар мен жасөспірімдерге өз даралықтары мен дағдыларын танытуға мүмкіндік беру, сондай-ақ шығармашылық әлеуетті дамытып, кәсіби біліктілікті жоғарылатуға көмектесу.

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 өнер мектебі» МКҚК директоры Фархад Сәбиевтің сөзінше, бүгінгі шара балаларды шығармашылыққа үйретеді.

Бүгін қалалық жасөспірімдерге арналған «Шаттық-2022» байқауы өтіп жатыр. Шараға Нұр-Сұлтан қаласындағы 54 мектептен 171 бала қатысуда. Негізгі мақсаты – балалардың өнерге деген құштарлығын ашу, сахнаға бейімдеу. Өздеріңіз білетіндей, Президент тапсырмасына сәкес, биыл Балалар жылы деп жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы  – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сондықтан да бүгінгі шара осыған байланысты өтіп отыр десем болады, – деді Ф. Сәбиев.

Ал Дінасыл есімді өнерлі оқушы болса болашақта өмірін шығармашылықпен байланыстыратынын жеткізді.

Мен бүгінгі шараға біраз уақыт дайындалдым. Жарысқа дайындалу оңайға түспеді. Бүгін жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Байқауға қатысқан себебім – Қазақстанның ұлттық домбырашысы болғым келеді. Осындай жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болсам деймін, – деді қатысушы.

Қазылар алқасының мүшесі, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Дәулет Тәпеновтің айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің дайындығы жоғары дәрежеде.

«Шаттық» шарасы өнерлі балаларды қолдауға көмектесетін байқау. Жыл сайын өтіп тұрады. Балаларды шығармашылыққа баулиды және жас өнерпаздардың халық алдына өнер көрсетуіне таптырмайтын мүмкіндік деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, – деді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері