Нұр-Сұлтан 10.1°
×
04.04.2022, 15:51
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда әкімдігі әлеуметтік нысандар құрылысына ерекше назар аударады

Елорда әкімдігі әлеуметтік нысандары тапшы тұрғын үй кешендерінің құрылысы жөніндегі ұсыныстарды қабылдамады. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында қала әкімдігі әлеуметтік нысандар құрылысына және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға ерекше назар аударады, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда әкімдігі әлеуметтік нысандар құрылысына ерекше назар аударады
Фото: Александр Куприенко

Байтұрсынов көшесі, 7 (Хайвилл ТК) мекенжайындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынатын болады. Бұдан басқа, Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі маңында «Хайвил» ТК-ге қарама-қарсы оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында тағы бір жалпы білім беретін мектеп салынады.

Ақбұлақ ықшам ауданында Қ.Жалайыри көшесінде «Iconic» ТК құрылысы тоқтатылды. Мастер-жоспар бойынша бұл орын абаттандырылып, гүлзар орнатылады.

Есіл ауданындағы Мәңгілік ел даңғылы жанында – №9 емхана мен №77 мектеп-гимназиясы арасындағы учаскеде жоспар бойынша серуендеуге және демалуға арналған қоғамдық кеңістік (гүлзар) салынады.

Күмісбеков көшесі, 9 мекенжайында 21 қабатты тұрғын үй кешені мен паркингтің орнына қоғамдық кеңістік пен гүлзар салынады.

М.Горький-Косыгин-Челюскинцев-Ишимская көшелерінің квадратында ТК орнына балабақша салынады.

Сонымен қатар Бас прокуратура мен Jysan Bank арасында – Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына тағы бір мектеп салынады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері