Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті азаматтардан заңсыз сақталған, тіркелмеген атыс және суық қаруларын тапсыруға шақырды, деп хабарлады Elorda.info.
Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар табылған жағдайда олармен қандай да бір іс-қимыл жасамауды, оларды тасымалдамауды және бұл туралы полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауды ескертеміз, – делінген хабарламада.
Бұл іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, атыс және суық қаруды қолданумен жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің төмендегі көрсетілген байланыс телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
Нұр-Сұлтан ПД – 71-61-70;
Алматы ауданы ПБ – 71-67-37;
Сарыарқа ауданы ПБ – 71-66-46;
Есіл ауданы ПБ – 71-65-61;
Байқоңыр ауданы ПБ – 20-22-87.