Нұр-Сұлтан 8.6°
×
27.01.2022, 12:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл елордада жастар практикасына мыңға жуық адам жіберіледі

Елордада биыл жастар практикасына 998 адам жіберіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл елордада жастар практикасына мыңға жуық адам жіберіледі

Жас қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру – мемлекеттік жастар практикасының негізгі мәселелерінің бірі. Бұл мақсатта оқыған мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмыспен қамтуға бағытталған жастар практикасы бағдарламасы бар. 2021 жылы Жастар практикасымен оқу орындарының 914 түлегі қамтылды (жоғары оқу орындарының түлектері – 750 адам, колледж түлектері – 164 адам).Жыл бойы жастар практикасына 998 адамды жіберу жоспарланып отыр, – деді Е.Бекмырзаев.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 72-93-56, +7-777-707-01-99. Байланыс орталығының нөмірлері: 8(7172) 57-88-88, 8(7172) 57-86-95 немесе Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО мекенжайы бойынша білуге болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері