Нұр-Сұлтан 9.9°
×
27.01.2022, 09:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық полицейлер «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті елорда аумағында 24-30 қаңтар аралығында “Тұрмыс” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған іс-шара аясында 26 қаңтар күні Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің жеке құрамы “Жаннұр” сауда үйінде әлеуметтік бюро өткізді.

Ондағы мақсат – халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық қылмыстардың алдын алу және болдырмау.

Сауда үйіне келушілер тек сауда жасап қана емес, сонымен қатар құқықтық көмек алып, тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда әрекет етудің алгоритмімен де танысты. Келушілерге брошюралар мен буклеттер таратылды. Тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға өкілетті орган мамандары жауап берді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері