Алматы қаласының халықаралық әуежайының жұмысын қалпына келтіруге байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы - «Нұрлы жол» вокзалы» қатынасындағы арнайы рейс қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлады Elorda.info.
Еске сала кетейік, арнайы рейс Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілген Алматы рейстерінің жолаушыларын кейіннен Алматыға ТЖ көлігі арқылы келу үшін тасымалдаған болатын.