×
09.01.2022, 16:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елорда полицейлері пәтер аралап тексеріс жүргізіп жатыр

Елорда полицейлері қала бойынша аулалар мен пәтерлерді аралай бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан коменданты, Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді, - деп хабарлайды elorda.info.

Елорда полицейлері пәтер аралап тексеріс жүргізіп жатыр

Сәденов елордалықтарға үндеуінде қалада жағдай тұрақты екенін айтты. 

"Қала толық бақылауда. Блокбекеттер жұмыс істеп тұр. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтау мақсатында арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде аулалар мен пәтерлерді аралау жүріп жатыр. Тұрғындарды түсінікпен қарап, қолғабыс етуге шақырамыз. Күдікті адамдар туралы ақпарат білсеңіз, хабарлаңыз", - деді ол.

Полиция департаментінің басшысы Нұр-Сұлтанда коменданттық сағат әлі де жалғасып жатқанын еске салды. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері