Нұр-Сұлтан 18.6°
×
29.12.2021, 11:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Түнде елордадан 7 мың текше метрден астам қар шығарылды

Бүгін, 29 желтоқсанда елордада қар тазалау жұмыстарына мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Түнде елордадан 7 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Александр Куприенко

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қысқы кезең басталғалы қаладан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 98 мың жүк көлігіне тең.

Бүгін, 29 желтоқсанда елордада қар жинау жұмысына мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңға жуық жол жұмысшы жұмылдырылды.

Айта кету керек, 28 желтоқсаннан 29 желтоқсанға қараған түні қаладан 7 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін жүк көліктері қар полигондарына 572 рейс жасады.

Ереже бойынша, кептеліс болмауы үшін алдымен қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдың және т.б. қары күреледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері