×
23.12.2021, 17:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда тарихы жайлы үш кітаптың тұсауы кесілді

Елордадағы Marrıot қонақүйінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, зиялы қауым және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бас қосты, деп хабарлайды Elorda.info.

Елорда тарихы жайлы үш кітаптың тұсауы кесілді

Жиын барысында сөз алған ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов биыл атқарылған іс-шараларды қорытындылады:

“2021 жылы елордада идеологиялық бағыттағы 1000-нан аса іс-шара өтті. Оның 300-ге жуығы ірі көлемдегі іс-шаралар болатын. Олардың мысалы ретінде театр апталығын, елорда жайлы түсірілген екі фильмді, Алаш арыстарына, Дина Нұрпейісоваға, Талғат Бигелдиновке, Ыбырай Алтынсаринге тұрғызылған ескерткіштерді, әл-Фарабиге қойылған бюстті, Қаламгерлер аллеясының ашылуын айтуға болады. Әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар да аз болған жоқ. 15 мектеп бой көтерді, 13 мың үлескен өз пәтеріне кірді, 3,2 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, 15 мыңға жуық астаналық тұрғын тегін азық-түлік себетімен қамтылды, 30 мыңдай тұрғынға мекенжайлық көмек көрсетілді”, – деді ведомство басшысы.

Жиын барысында елорда тарихынан сыр шертетін үш кітаптың тұсауы кесілді. “Нұр-Сұлтан – тәуелсіздік тұмары”, “Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан” ән жинағы және “Тарихи шешімдер, тағдырлы белестер” атты кітаптар елорда әкімдігінің мұрындық болуымен жарық көрді.

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері