Нұр-Сұлтан 20.6°
×
23.12.2021, 12:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жайы талқыланды

«AntikorLive» жобасы аясында «Antikor Ortalyǵy» сервистік орталығында жетінші шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова-Төлеуханова және «Jas Otan» ЖҚ төрағасының бірінші орынбасары Арсланбек Мағзұмның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жастардың алатын рөлі туралы тікелей эфир өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жайы талқыланды

Кездесу барысында Ләззат Мұратқызы жемқорлыққа байланысты өз ойымен бөлісе отырып, қоғамымызда бұл індетпен қалай күресуге болатыны жайлы ойымен бөлісті.

Спикердің ойынша, бүгінгі таңда жастарға барлық мүмкіндіктер спекторы ауқымының кең екенін, тек талпыныс пен жігер қажеттілігін атап өтті.

Қоғамды өзгерту үшін, сыбайлас жемқорлықтан тазарту үшін адам өзінен бастау керек екені жайлы өз ойын білдірді.

Кездесудің мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, өз еліне адал және әділ қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл мемлекеттің міндеті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері