Нұр-Сұлтан 27.8°
×
22.12.2021, 20:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Қала тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінуі керек» – елорда әкімі

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзінің instagram-парақшасында қаланың түрлі ауданында 10 модульдік полиция бекеті орнатылып, учаскелік пункттерді орналастыру үшін тағы да осындай көлемде үй-жай берілгенін айтты, деп хабарлайды Elorda.info

«Қала тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінуі керек» – елорда әкімі
Фото: дереккөз

Қала тұрғындары өзін қауіпсіз сезінуі керек.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жүйелі негізде нығайту үшін материалдық-техникалық базаны жаңартып, қадамдық қолжетімділік аясында модульдік бекеттер ашамыз, полицияның тірек пунктерін қалпына келтіреміз және т.б. Құқықбұзушылықты алдын алу жөніндегі мәселелер ведомствоаралық комиссияның отырысында полиция департаментінің басшылығымен талқыланды.

Мемлекет басшысы Жолдауында ішкі істер органдарын жаңғыртудың басымдықтары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделіне көшуді белгіледі, – деді қала басшысы.

Әкімнің сөзінше, мәселен, биылдың өзінде ғана қаланың түрлі ауданында 10 модульдік полиция бекеті орнатылып, учаскелік пункттерді орналастыру үшін тағы да осындай көлемде үй-жай берілген. Бұл – жоспардан екі есе жоғары.

Сол сияқты осыған дейін Полиция департаментіне 95 арнайы техника берілді, жаңа әкімшілік (Есіл ауданы) ашылды, онда 400-ден астам қызметкер еңбек етеді, жаңа ТК бірінші қабаттарында және жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде әлеуметтік нысандардан басқа полицияның тірек пункттерін ашамыз. Сарыарқа ауданында полиция департаментінің бөлімшесіне арналған ғимараттың құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу, жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргіземіз, «Қауіпсіз аула» және т.б. жобаларды кеңейтуді жалғастырудамыз.

Аталған шаралардың бәрі тұрғындарға жедел көмек көрсетуге, құқықбұзушылықты болдырмауға, қылмыстардың ашылуын арттыруға және т.б. мүмкіндік береді, – дейді елорда әкімі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері