ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» КММ бастамасымен Нұр-Сұлтанның төрт ауданында алғаш рет жастарға қызмет көрсету орталығы іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info.
Елордадағы алғашқы Жастарға қызмет көрсету орталығы пилоттық режимде 2021 жылғы 1 маусымда Сарыарқа ауданындағы Гете көшесі, 1 (ескі вокзал маңында) ашылды.
Орталыққа келіп түскен өтініштер бойынша сұраныстардың көптігіне байланысты қараша айында басқа аудандарда ЖҚКО ашылды: Есіл ауданы - Е-11 көшесі, 10 үй мекенжайы бойынша «Базар» СҮ, Алматы ауданы – Сәтпаев көшесі, 13а үй мекенжайы бойынша «Alcato» БО, Байқоңыр ауданы - Алаш тасжолы, 34/5 үй мекенжайы бойынша «БигШанхай» базарында орналасқан. Орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі және жексенбі демалыс күндері жұмыс істейді.
Орталықта мына мәселелер бойынша кеңес алуға болады:
- Кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру;
- Волонтерлерді қабылдау;
- Тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламалар;
- Жастар бастамаларын қолдау (бизнес ашу, іс-шаралар ұйымдастыру, жобаларды қолдау);
- Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану (спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелер).
Жастар мен жергілікті тұрғындар өтініштерінің 80-90%-ы тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша болды. Бүгінгі таңда қараша айынан бері ЖҚКО 800-ге жуық жасты қабылдап, оларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультациялық көмек көрсетті.
Орталық жұмысы туралы қосымша ақпаратты мына телефон нөмірлеріне хабарласып алуға болады: +7 708 392 72 11, +7 747 190 96 93.