Нұр-Сұлтан 18.8°
×
07.12.2021, 11:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Elorda zhastary» бағдарламасына іріктеу нәтижелері жарияланды

«Elorda zhastary» бағдарламасы бойынша алғашқы іріктеудің нәтижелері үш тізімде жарияланды: «Мақұлданды», «Резерв», «Бас тартылды», деп хабарлады Elorda.info.

«Elorda zhastary» бағдарламасына іріктеу нәтижелері жарияланды

Егер сіз «Мақұлданған» тізімде болсаңыз, онда біз сізге «Отбасы банк» АҚ-ға жолдаманың электрондық нұсқасын жібереміз (порталда өтінім берген кезде сіз көрсеткен электрондық поштаға жібереміз, «Спам» папкасын тексеріп көріңіз), оны басып шығарып, 10 жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалау үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Отбасы банкі» АҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет.

«Отбасы банк» АҚ жолдаманы алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде келмеген жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолдаманы жоюға және тізім бойынша келесі қатысушыға беруге құқылы.

Егер сіз «Резерв» тізімінде болсаңыз, онда сіз бағдарламаның негізгі шарттарына сәйкес келесіз, бірақ сізде ұпайлар жетіспеді және сіз банкте төлем қабілеттілігін растай алмайтын үміткерлер арасында болған жағдайда резервтік тізімге қосыласыз. Егер негізгі тізімнің азаматтары банкте төлем қабілеттілігінен өтпеген жағдайда, азаматтар жиналған балдар бойынша кезектілікке сәйкес резервтік тізімнен жіберілетін болады.

Егер сіз «Бас тартылған» тізімде болсаңыз, сіз бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес келмейтіндігіңізді білдіреді, мысалы: соңғы 1 жыл ішінде Нұр-Сұлтанда тұрақты атаулы тіркеу жоқ, жұмыс орны таңдалған қызмет саласына сәйкес келмейді, меншік құқығындағы тұрғын үй бар, құжаттардың толық емес пакетін ұсыну және т.б. бас тартудың толық себебі сіз порталда өтінім берген кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберілетін болады.

«Мақұлданды»

«Резерв»

«Бас тартылды»

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері