Нұр-Сұлтан 18.6°
×
06.12.2021, 12:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

М.Горький театрындағы күрделі жөндеу келесі жылы аяқталады

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының күрделі жөндеуі келесі жылдың соңына қарай аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

М.Горький театрындағы күрделі жөндеу келесі жылы аяқталады
Фото: Александр Куприенко

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында мыңдаған қойылымдар қойылды, онда театр актерлерінің бірнеше ұрпағы шыңдалып шықты. Бұл театр — еліміздегі ең көне мәдени мекемелердің бірі. 1899 жылы құрылған.

“Бұл шынымен де өзіндік тарихы бар ерекше орын. Бірақ, әрине, театр ескіріп, күрделі жөндеуді қажет етті.

Жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталғанына қарамастан әлі аяқталған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілді, оның ішінде мердігер тарапынан заңбұзушылықтар болды. Олардың салғырттығынан театр қызметкерлерінің өздері, көрермендер зардап шекті. Қазіргі уақытта сот рәсімдері толығымен аяқталды. Жаңа мердігер анықталды, оған өзгелердің қателігін қайталамау тапсырылды.

Осылайша, тарихи ғимаратты күрделі жөндеу келесі жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр. Залдарды жаңартудан, ғимаратты жөндеуден басқа инженерлік желілер жаңартылып, ретке келтіріледі: су құбыры, кәріз, сондай-ақ желдету жүйесі, жылыту және т.б.

Қазіргі уақытта театр ұжымы өзге театрлардың алаңдарында және драма театрдың кіші залында өнер көрсетеді. Бұл, әрине, театр ұжымына белгілі бір қолайсыздықтар әкеледі. Күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін тарихи ғимарат жаңарып, ал көрермендер қойылымдардан ұмытылмас әсер алады!

Сондай-ақ, мемлекеттік би театры «Наз» және «Қуыршақ театры» ұжымдарына қолайлы орын бөлуді тапсырдым, өйткені қазір олар бұл үшін қолайсыз ғимараттарда дайындалып жүр”, – деп жазды А.Көлгінов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері