Нұр-Сұлтан -8°
×
03.12.2021, 14:46
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда толығымен газдандырылады - Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтандағы Алматы және Сарыарқа аудандары газдандырылды. Газ тарату желілері 9 тұрғын алаптарында жүргізілді, деп хабарлады Elorda.Info.

Елорда толығымен газдандырылады - Алтай Көлгінов
фото: Александр Куприенко

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында елорда әкімдігі "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-мен бірлесіп "Интернациональный", "Мичурино" "Күйгенжар" тұрғын үй алаптарына газ тарату желілерін жүргізді.

"Газдандыру жобасы - Елбасының ауқымды жобасы. Қазіргі уақытта газ тарату желілері "Көктал-1", "Көктал-2", "Железнодорожный", "Промышленный", "Агроқалашық", "Оңтүстік-Шығыс", "Интернациональный", "Мичурино", "Күйгенжар" 9 тұрғын алаптарында жүргізілді. Ол үшін 650 км-ден астам газ тарату желілері салынды.

Қазіргі уақытта қалада 1,5 мыңнан астам отбасы газға көшті. Бұл дегеніміз, көптеген отбасылар үйлерін көмірмен жылытпайтын болады. Ал бұл орташа есеппен 20 мың тонна көмір. Бұл сөзсіз қала экологиясына жағымды әсер етеді. Тағы 4 мың 600-ден астам отбасы техникалық жағдайға ие болды", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Қазір "Қазақауыл", "Ақбидай" шағын аудандарында, сондай-ақ қаланың Потанин көшесіндегі ескі бөлігінде газды іске қосу үшін іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғасуда.

"Көмірден газға көшудің көптеген артықшылықтары бар: тұрғындарға көмірді сатып алу, сақтау, сапасы туралы ойланудың және күніне бірнеше рет үйді жылыту үшін от жағудың қажеті жоқ, қаланың экологиясы жақсарады, бұл қалалықтарға жағымды әсер етеді. Газдандыру атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік береді", – деді әкім.

Қаланы газдандыру ел басшылығының бақылауында. Естеріңізге сала кетейік, газбен жабдықтаудың ішкі желілері дайын тұтынушылар "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға өтінім беру қажет. Бұл ұйым газбен жабдықтаудың ішкі желілерін қауіпсіздікке және тікелей қосылуын тексерумен айналысады, сондай-ақ одан әрі пайдалануға жауап береді.

Газдандыру басталған сәттен бастап қала әкімдігі аз қамтылған отбасыларға үйлерді газға көшіру бойынша әлеуметтік көмек көрсету тетігін енгізді. Бұл санаттарға 90 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек бөлінеді - бұл 260 мың теңгеден астам қаражат. Әлеуметтік көмектің осы түрін алуға өтінімді egov.kz порталы арқылы қалдыруға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері