Нұр-Сұлтан 19.7°
×
03.12.2021, 14:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада екі автомобиль көпірі салынып жатыр

Нұр-Сұлтанда екі автомобиль көпірінің құрылысы жүріп жатыр. Елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ брифингінде көпір құрылысы мен жол жұмыстары туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

"Мемлекет басшысы елордада көпірлер мен көлік жолайрықтарын салудың маңыздылығын атап өтті. Қараша айында Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы басталды. Бұрын құрылыс мерзімдерін кешіктірген сот процестері болған. Қазіргі уақытта барлық процедуралық сәттер шешіліп, көпір құрылысы басталды. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Хазірет Сұлтан мешітінің ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Байтұрсынов көшесі, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Момышұлы даңғылының сол жағалауымен қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәселен, Тәуелсіздік даңғылындағы көпір пайдалануға берілгеннен кейін Мәңгілік ел даңғылындағы жүктеменің 20%-ға дейін төмендеуін болжап отырмыз. Бұл көпірдің құрылысын 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, елорда әкімі Ұлы дала даңғылында көпір салынып жатқанын атап өтті. Оң және сол жағалауды жалғайтын көпір Мәңгілік ел даңғылының, Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелерінің, Nova city ауданының, "Мыңжылдық" аллеясының жүктемесін азайтады. Жаңа "Нұрлы жол" вокзалының, Тельман тұрғын алабының, Метро гипермаркеті ауданының, Промышленный тұрғын алабының, Жұмабаев даңғылының, Жүргенов көшесінің және т. б. қолжетімділігін арттырады.

Сонымен қатар, биыл және өткен жылы елордада 300 көше салынды және жөнделді. Олардың жартысынан көбі тұрғын үй алаптарында. Сондай-ақ, жаңа бағыттар, автобус жолақтары іске қосылды, автобус паркі жаңартылуда. Мұның бәрі қала тұрғындарына қала ішінде ыңғайлы жүруге, жол уақытын қысқартуға және қаланы мобильді етуге мүмкіндік береді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері