Нұр-Сұлтан -7.9°
×
02.12.2021, 21:34
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін 7 мыңнан аса үлескердің мәселесі шешіледі

Елордада жыл соңына дейін сақалды құрылыс саналатын 57 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов мәслихат отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін 7 мыңнан аса үлескердің мәселесі шешіледі

«Елорда құрылыс» компаниясының басты мақсаты – бітпей қалған проблемалы құрылыс нысандарын аяғына дейін жеткізу және алданған үлескерлердің мәселесін шешу. Аяқталмай қалған нысандардың құрылысына қаржы ұлттық қордан, республикалық және жергілікті бюджеттен қарастырылып отыр. Басты шарт - жұмсалған қаржы қазынаға қайтарылуы тиіс. Демек кінәлілер өтейді», – деді Дәулет Досқұлов.

Оның айтуынша, үлескерлердің мәселесі елорда әкімдігінің ерекше бақылауында тұр.

«Статистикаға келсек, 2018 жылы елордада құрылысы бітпей, проблемаға айналған 150 тұрғын үй болды. 2019 жылы қала әкімдігі 13 тұрғын үй құрылысын аяқтап, 2,5 мың үлескердің мәселесін шешті. Өткен жылы 20 проблемалы тұрғын үй өз шешімін тауып, үлескерлер қоныс тойын тойлады. Биыл жыл басталғалы қала әкімдігі 98 құрылысы проблемаға айналған нысанды өз бақылауына алды. Бұл дегеніміз 10 мыңнан астам үлескер деген сөз. Оның ішінде «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында 27 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 57 проблемалы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, 7400-ден астам үлескердің мәселесі шешілмек», – дейді ведомство басшысы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері