Нұр-Сұлтан -9.9°
×
02.12.2021, 14:50
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жұмысқа әзірлік паспортын алмаған екі ЖШС-іне қатысты әкімшілік іс қозғалды

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не «КонтракЭнерго» және «Центр-Цемент плюс» ЖШС 2021-2022 жылдар мерзімінде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны үшін «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада жұмысқа әзірлік паспортын алмаған екі ЖШС-іне қатысты әкімшілік іс қозғалды

Әкімшілік істі қарау барысында, ЖШС уәкілетті орган белгілеген мерзімде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны анықталды, қызмет алушыларға әзірлік паспортын жыл сайын 19 қазанға дейін алу қажет, бұл 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу ережелерінің 32 тармағын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты Департамент ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, уәкілетті орган белгілеген мерзімде жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны үшін РМК-ды Кодекстің 301-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Департамент барлық энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға уәкілетті орган бекіткен уақытта күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қажеттілігін ескертеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері