Нұр-Сұлтан -10.9°
×
02.12.2021, 12:55
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада МИБ институтын енгізу жұмыстары талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордада МИБ институтын енгізу» тақырыбында онлайн брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.Info.

Елордада МИБ институтын енгізу жұмыстары талқыланды
фото: astana.gov.kz

«Elorda korshiler» – пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйді дамыту жөніндегі қалалық бағдарламасы. Бағдарлама үй кеңесі құрылған және тұрғын үй меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік басқару формаларының бірі анықталған үйлер үшін жарамды. Оның басты міндеті – барлық көршілерді өз үйінің жалпы мәселелеріне біріктіру», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының Байқоңыр ауданы бойынша инспекциясы бөлімінің басшысы Бекзат Тамшыбай.

Оның сөзінше, сапасыз ұстау мен ай сайын төлейтін ақшаның ысырап болуына немқұрайлы иелері себеп болып отыр.

«Пәтерлер мен үй-жай иелерінің жиналысы – жалпыүйлік мүлікті басқаруға байланысты мәселелерді шешудің жалғыз тиімді құралы. Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - меншік иелерінің үйлерінің қажеттіліктеріне сәйкес тізілім құру. Келесі кезеңдерде бірінші кезеңнің іске асырылуына қарай сөз ететін боламыз. Қысқаша, тізілім қалыптастырылғаннан кейін қала мәслихатының қарауына шығару үшін аналитика және жұмыс тобы жасалатын болады», – деді ол.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Дархан Құлбаевтың айтуынша, қазіргі таңда елорда аумағында 3 097 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 2 859 тұрғын үй басқарудың жаңа формасына өтуі қажет. Ал қалған 200 тұрғын үй апаттық және бұзуды қажет ететіндіктен жаңа формаға өтпейді. 

«2020 жылдың басынан осы реформаны жүзеге асыру үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Біріншіден, азаматтарға ыңғайлы болу үшін бірыңғай тұрғын үй орталығы құрылды. Бұл жерден барлық сұрақтар бойынша "бір терезе" қағидатына сәйкес қызмет көрсетуге мүмкіндік берілген. Екіншіден, тұрғын үй инспекциясы, әкімдік өкілдері мен белсенді топтан құрылған мобильді топ ұйымдастырылды. Олар тұрғындармен және басқару органдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, яғни МИБ және ЖС көшу алгоритмін түсіндіреді. Үшіншіден, жаңа реформаға өту бойынша әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ақпараттар таратылып жатыр. Яғни, онлайн форматта тұрғын үйге қатысты заңдар түсірілуде. Төртіншіден, МИБ орталығы құрылып, оған ай сайын 350-дей өтініш түседі. Ашылғаннан бері 4,5 мың өтініш түсті. Бесіншіден, тұрғын үйге қатысты сұрақ түскен жағдайда мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», – деді Д. Құлбаев.

Айта кетсек, «Elorda korshiler» бағдарламасы мүлік иелерінің тұрғын үйді басқару және күтіп ұстау мәселелерін шешу үшін тату көршілік қатынастарды дамытуға бағытталған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері