Нұр-Сұлтан -7.9°
×
30.11.2021, 13:35
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сарыарқа ауданындағы аула қарларын 36 арнайы техника тазалайды

Сарыарқа ауданында аулаларды қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Ауданның орамішілік аумақтарын тазалау сағат 7.00-17.00 аралығында жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info

Сарыарқа ауданындағы аула қарларын 36 арнайы техника тазалайды

Аула аумақтарындағы қарды тазалау және шығару қар жауған күннен кейін үш тәуліктің ішінде жүзеге асырылады. Қараша айының 23-24 күндері қардың бір айлық нормасы жауғанына байланысты жұмыс кестесінде өзгерістер болды. Айта кетейік, тұрғын үйден 5 метрге дейінгі жерді тазалауға тұрғын үйге қызмет көрсетуші ұйым (КСК, ОСИ), ал аулалар мен ішкі орамішілік көшелерді тазалауға коммуналдық қызмет жауапты.

Сарыарқа ауданында орамішілік қар тазалау жұмыстарын 11 мердігерлік ұйым жүзеге асырады. Онда 36 арнайы техника, 144 жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Сондай-ақ, ауданның тұрғын алаптарын ("Көктал-1, 2" және "Агроқалашық") тазалауға ерекше көңіл бөлінеді. Тұрғын алаптарда үйілген қарды шығару айына бір рет немесе қажет болған жағдайда жүргізіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері