Нұр-Сұлтан -11.7°
×
30.11.2021, 12:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада көпбалалы аналарға "Күміс алқа" медальдары табысталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қарашадағы Жарлығына сәйкес Сарыарқа ауданында тұратын көпбалалы 16 анаға «Күміс алқа» табысталды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада көпбалалы аналарға "Күміс алқа" медальдары табысталды

"Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Көпбалалы болу бұл – батырлық, зор мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік. Айтулы мереке қарсаңында өздеріңізбен жүздесіп, алқаны табыстау мен үшін үлкен жауапкершілік және қуанышты сәт. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  "Кез келген мемлекеттің қуаты – халқында" деген сөзі бар. Тұңғыш Президентіміз негізін қалаған елорда төрінде халық санын көбейтуге үлес қосып, келешек ұрпақты тәрбилеу жолындағы алтын құрсақты аналардың  еңбектері зор. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді Есет Байкен өз сөзінде.

Айта кетейік, жыл басынан бері Сарыарқа ауданында «Күміс» және «Алтын» алқалармен 100 көпбалалы ана марапатталған. Оның ішінде 24 – «Алтын алқа», 76 – «Күміс алқа».

 

 

 

 

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері