Нұр-Сұлтан -15.8°
×
27.11.2021, 16:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алтай Көлгінов халықаралық жарыстың жеңімпаздарын құттықтады

«Qazaqstan» спорт кешенінде жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир өтті. Жарыс жеңімпаздарын қала әкімі Алтай Көлгінов құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Алтай Көлгінов халықаралық жарыстың жеңімпаздарын құттықтады
Фото: Александр Куприенко

“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдай жасауға, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін, спорт федерацияларын және т.б. қолдауға ерекше көңіл бөлеміз.

Елбасының тапсырмасымен салынған «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені ашылған сәттен бастап біздің спортшыларға ғана емес, балалар үшін де тартымды орталыққа айналды. Спорт кешенінің есігі баршаға ашық!

Екі күн бойы спорт кешенінде ұлдар мен қыздар арасында (2004-2005 ж.) жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир өтті. Біздің балалардан бөлек Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан спортшылары да қатысты. Сондай-ақ, елордаға Алматы, ШҚО, СҚО, Ақмола облысы мен Қарағандыдан балалар келді.

Қатысушылар биіктікке/ұзындыққа секіру, жүгіру, үш рет секіру, ядро итеру сияқты спорт түрлерінен бақ сынады. Барлығы 155 спортшы өз күшін сынап көрді.

Турнирдің басты мақсаты – жеңіл атлетиканы дәріптеу, спорт резервін дайындау, түрлі халықаралық жарыстарға қатысу үшін пул қалыптастыру. Турнир ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдай жасауға, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін, спорт федерацияларын және т.б. қолдауға ерекше көңіл бөлеміз.

Қатысушыларды жеңіспен құттықтаймын! Ең бастысы, мәреге бірінші болып келу емес, күн сайын еңбектену, жұмыс істеу, мақсат қойып, оған жете білу!”, – деп жазды А.Көлгінов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері