Нұр-Сұлтан -15.8°
×
26.11.2021, 17:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сауда орталықтарында жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілуде

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік және парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында елордада бейнероликтер мен аудиороликтер қойылуда, деп хабарлады Elorda.info.

Сауда орталықтарында жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілуде

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бастамасы бойынша "Маркет-Радио Астана" ЖШС қолдауымен "Еуразия 1, 2", "Жаннұр", Строймарт сауда орталықтары, “Астықжан”, “Астықжан-1”, “Астықжан-2”, “Қостанай-1”, “Қостанай-2” сауда үйлері объектілерінде “Орбита”, “Шарын”, “Сарыарқа”, “Гүлжан”, “Шапағат”, “Аймақтау”, “Аружан”, МБО, "Вкус Март" супермаркеттер желісінде (7 дүкен) және орталық жағалауда "Еуразиялық цифрлық коммуникациялар көшбасшыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес "МР бір пара" аудиоролигі трансляцияланады.

Бұл аудиороликті трансляциялау мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Қоғаммен тікелей өзара іс-қимыл жасау арқылы ғана ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің негізгі міндеті – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға қол жеткізуге болады.

Трансляция кезеңінде осы жылдың қазан-желтоқсан айларында барлық нысандарда эфирде 15 680-нен астам шығару жоспарлануда.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті бұл бағыттағы бейнероликтер мен аудиороликтер тарату жұмысын жалғастырады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері