Нұр-Сұлтан -15.4°
×
26.11.2021, 14:25
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада вирус жұқтырған науқастардың 10-15 пайызы – сырттан келгендер

Еліміз бойынша Нұр-Сұлтан қаласы – «қызыл аймақта» ең көп болған өңір. Мұның себептерін қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимұр Мұратов El-Orda YouTube арнасына берген арнайы сұхбатында айтып берді.

Елордада вирус жұқтырған науқастардың 10-15 пайызы – сырттан келгендер

Оның айтуынша, стационарлар мен емханалардағы індет жұқтырған аурулардың 10-15 пайызын елордалық емес өзге өңірлер азаматтары құрайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының неге ұзақ уақыт «қызыл аймақтан» шыға алмау себебін осыдан болды деп нақты басып айта алмаймыз. Негізінде, біз, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері объективті статистикаға сүйенеміз және сол арқылы болжам жасаймыз. Егер бұл сұрақты дұрыс екшеп қарайтын болсақ, жалпы вакцина алғандардың саны қаламызда Түркістан, Шығыс Қазақстан облысы, Алматымен салыстырғанда төмендеу. Ұжымдық иммунитет тұрақты болу үшін халықтың 60 пайызы екпе салдыруы керек, ал бізде 40 пайызы ғана вакцина алған. Одан бөлек екпе алуы қажет контингентті вакцинациялау бойынша 65 пайыздан асып кеттік. Екіншіден, біздің қаламыз өте үлкен, тоғыз жолдың торабы, қалаға келіп-кететін, жан-жақтан кіріп-шығатын азаматтар ағыны толассыз. Осы екі фактор қосылып, «қызыл аймақта» ұзақ болдық», – деді басқарма басшысы өз сөзінде.

Бірақ ол қандай жағдай болмасын медицина қызметкерлерінің жұмысы азайып, не көбеймейтінін жеткізді. Науқастардың саны көбірек немесе азырақ болуы мүмкін, бірақ денсаулық сақтау жүйесі сол өзінің қалыпты жоспарлы жұмысын атқара береді.

Сұхбаттың толық нұсқасын El-Orda YouTube көре аласыздар.

Райхан Рахметова

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері