Нұр-Сұлтан -15.5°
×
26.11.2021, 12:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда лифт есігіне түкірген ер адам ұсталды

Елордада "Медина" тұрғын үй кешенінің лифтісінде ерсі әрекет жасаған тұрғын ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда лифт есігіне түкірген ер адам ұсталды

Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында лифт есігіне түкірген ер адам анықталған. Оны Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Ол 22 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

"Ақан сері көшесіндегі "Медина" тұрғын үй кешенінде бір топ жігіт лифтке кіріп, біреуі есікке түкіре бастаған. Қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамға қатысты ҚР ҚК-ның 434-бабын 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Ұсақ бұзақылық бабы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Материалдар шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданған.

"Қоғамдық орынға масаң күйде шыққаны үшін ҚР ҚК-ның 440-бабы бойынша хаттама жасалып, айыппұл салынды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ортақ мүлікке зиян келтіргені үшін жауапкершілік барын ескертеді", - деді полиция өкілі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері