Нұр-Сұлтан -15.9°
×
25.11.2021, 20:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елшілермен кездесу қаламызға қажет жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді – А. Көлгінов

Шетелдік елшілермен және шетелдік компаниялардың өкілдерімен өткізілетін кездесулер бірлескен жобаларды іске асыруға, сол арқылы елорданың экономикасына жеке инвестицияларды тартуға, жұмыс орындарын құруға, қала тұрғындары мен қалаға қажет жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Elorda.info.

Елшілермен кездесу қаламызға қажет жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді – А. Көлгінов

“Мысалы, БАӘ-нің ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі д-р Мұхаммад Саид Әл-Арики және ҚР Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Б.Сүгірбаевпен бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын талқыладық. Бірлескен жобаларымыздың қоржынында халықаралық «Sabis» мектебі және IT-бағыттағы «TamosSpaceSchool» мектебі секілді жекеменшік мектептердің құрылысы бар. Соңғысы оқу жылының басында оқушыларға есігін айқара ашты. Сондай-ақ, бірқатар салалардағы ынтымақтастық талқыланды.



Сонымен қатар, Бельгияның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі А. Вантигеммен – қоршаған орта, су ресурстарын басқару салаларындағы әлеуетті жобаларды, «жасыл» сутекті пайдалану жөніндегі ықтимал жобаларды және т.б. талқыладық.

Қырғызстанның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Д.Дюшекеевпен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы жеке инвестицияларды тарту үшін жағдай жасауды бақылауда ұстайды. 10 ай ішінде 900 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылды”, – деп жазды елорда әкімі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері