Нұр-Сұлтан -6.3°
25.11.2021, 11:25
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада 26 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Елордада бүгін түнде 26 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада 26 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Фото: Сұлтан Сейітов

25 қарашада қар тазалауға 1 300-ден астам арнайы техника мен 1 900 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

24-інен 25 қарашаға қараған түні коммуналдық қызметтер 25,5 мың текше метрден астам қар шығарды. Камаздар қар полигондарына барлығы 14 мыңнан астам рейс жасады.

Айта кету керек, "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің ақпараты бойынша 24 қараша күндіз және 25 қараша түнінде 25 мм жауын-шашын түскен. Елордада қараша айында жауын-шашын мөлшері 28 мм құрайды, яғни бір тәулік ішінде Нұр-Сұлтанда айлық жауын-шашын мөлшері түсті.

1 қарашадан 25 қарашаға дейін 45,1 мм жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан 1,5 есе көп. Осы уақыт аралығында арнайы техникамен 150 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері