Нұр-Сұлтан -0.8°
25.11.2021, 10:45
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайсыз ауа райына байланысты өте мұқият және сақ болуға шақырады, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге ескерту жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

“Елордада қалың қар жауа бастағаннан арнайы техникалар көшелерді тазалаумен айналысады. Тазалау жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Көлік жүргізушілерін жолда абай болуға, жол бойына көлік қоймауға, қоғамдық көлік қозғалыстары мен қар жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырады. Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтық шараларын қатаң сақтаңыз!  Боран мен көктайғақ жол қозғалысының барлық қатысушыларына үлкен қауіп төндіреді. Жүргізушілерге өз маршрутын алдын ала жоспарлауға, кенеттен орын ауыстырулар мен тежелуден аулақ болуға, қала сыртына сапарға шығудан бас тартуға кеңес береміз”, – делінген хабарламада. 

Жаяу жүргіншілерге де аса мұқият болу қажет. Жолдан өткен кезде гаджеттерден алшақтап, құлаққаптарды шешіп, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізу керек. 

Қолайсыз ауа райында сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын едәуір азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері аулалардағы қарды уақытылы тазалауды ұйымдастыруы қажет.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері