Нұр-Сұлтан -0.8°
24.11.2021, 12:35
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтанда автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Elorda.info.

“Кешкі сағат 19:26-да 37 жастағы «ВАЗ 21140» көлігінің жүргізушісі Құдайбердіұлы көшесінің бойымен келе жатып, Жансүгіров көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне жүріп, белгіленген жерден бағдаршамның жасыл түсіне жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді сақ болуға, жол ережесін бұзбауға шақырады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері