Нұр-Сұлтан -0.8°
24.11.2021, 09:45
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалықтар пластикалық бөтелкені өткізіп қоғамдық көлік картасын толтыра алады

Енді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігінің көлік картасын бос бөтелкені тапсыру арқылы толықтыруға болады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалықтар пластикалық бөтелкені өткізіп қоғамдық көлік картасын толтыра алады

Елордада «Zhasyl Qalqan» компаниясы қайта өңдеуге жіберілетін пластикалық бөтелкелерді қабылдайтын арнайы фандоматтарды орнату бойынша әлеуметтік экологиялық жобаны іске асыруда.

Көлік карталарын пайдаланушыларға ыдысты тапсырғаны үшін сыйақы қарастырылған – бір пластикалық бөтелке 3 теңгені құрайды.

«Біздің компания «Экотехнологиядан» фандомат сатып алды, ал операциялық жүйені CTS және ЭТ-мен бірлесіп Артем Пархоменко әзірледі. Біз оларға қолдау көрсеткені үшін ризамыз. Сіз тапсырған ыдыс екінші рет қайта өңдеуге түсетініне және пластикке екінші рет өмір беретініне сенімді бола аласыз, осылайша біз еліміздің экологиясын жақсартуға және көміртегі ізін азайтуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Болашақта біз мотивация жүйесін кеңейтуді жоспарлап отырмыз және қазірдің өзінде басқа мүдделі компаниялармен біздің фандоматтарымызда қосымша бонустар туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді «Zhasyl Qalqan» компаниясының өкілі Шасалим Шагалимов.

Айта кетейік, алғашқы фандомат Астаналық базарда орналасқан («Артем» СҮ).

«Zhasyl Qalqan» компаниясы еліміздің экологиялық болашағына бей-жай қарамайтын барлық мүдделі тұлғаларды жобаға қосылуға және фандоматтар желісін кеңейтуге өз үлесін қосуға шақырады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері