Нұр-Сұлтан -4.2°
23.11.2021, 18:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда 24 қарашада дабыл қосылады

24 қарашада 9 сағат 55 минутта теле-радио арналарды қамти отырып, электродабылдарын қосу арқылы құлақтандыру жүйелерін тексеру жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда 24 қарашада дабыл қосылады

“Төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) қосулары керек”, – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері