Нұр-Сұлтан -6.3°
23.11.2021, 18:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада «Жастар кубогының» жабылуы өтті

23 қараша күні «Жастар кубогы» жобасының және футбол турнирінің жабылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада «Жастар кубогының» жабылуы өтті
фото: Сұлтан Сеитов

Айтулы шараға жүзден астам футбол сүйер қауым жиналып, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосты. Атап айтқанда, маргиналдық топ өкілдері, жұмыс істейтін және жұмыссыз жастар қатысты. Ондағы мақсат – жастар арасындағы нашақорлықты, суицидті жоюға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталып отыр.

Street warkout жаттықтырушы Айтым Жакуповтың айтуынша, спорттық шаралардың өтуі өз кезегінде денсаулықтың жақсаруына, жастардың жағымсыз әрекеттерге бармауына итермелейді.

«Бұл бірінші кезекте командалық дух береді. Жастардың осылай бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен айналысып жатқаны қуантады. Осындай іс-шараларды көбірек өткізуге тырысамыз. Коронадағдарысқа орай бұқаралық спорт көп өтіп жүрген жоқ. Сол себептен осы шараны арнайы ұйымдастырып отырған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді», – деді А. Жакупов.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ басшысы Тлеулин Шыңғыс Маратұлының сөзінше, жастардың бос уақытын дұрыс, тиімді пайдалануға өз септігін тигізеді.

«Бүгінгі шара футболға арналып отыр. Оған NEET санатына кіретін жастар қатысып отыр. Яғни, жұмыс істейтін, жұмыссыз жастар кіреді. Бүгін осы футбол кубогының жабылуы өтіп жатыр. Келер жылдан бастап, осындай форматтағы шаралар басқа да спорт түрінен өтетін болады. Мәселен, футбол және волейболдан өтеді», – деді Ш. Тлеулин.

Жарыс қорытындысы бойынша: 1 орын – Көбетей, 2 орын – Орталық, 3 орын – Орда командалары иеленді.

Айта кетейік, аталған шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері