Нұр-Сұлтан -4.8°
21.11.2021, 18:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада үш көлік соқтығысты

Нұр-Сұлтанда Б.Момышұлы даңғылы мен М.Жұмабаев көшесінің қиылысында жол-көлік апаты болды, деп хабарлады Elorda.Info.

Елордада үш көлік соқтығысты

«20 қараша күні кешкі сағат 23.35-те «Мерседес» маркалы автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Б.Момышұлы даңғылынан М.Жұмабаев көшесіне бұрылған кезде рульге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағыттан тура келе жатқан «Киа» және «Лада» маркалы екі автокөлікпен соқтығысты», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан «Киа» және «Мерседес» жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Соңғысы дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.

«Аталған фактінің мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды және жолдарда өте мұқият болуды ескертеді», дейді полиция департаментінің өкілі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері