Нұр-Сұлтан -4.2°
21.11.2021, 17:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әйелден қомақты ақша бопсалаған алаяқ ұсталды

Елордада өзін полицеймін деп таныстырып, адамдарды алдаған жігіт қолға түсті, деп хабарлады Elorda.Info.

Әйелден қомақты ақша бопсалаған алаяқ ұсталды

Қалалық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 26 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасын ұстады. Ол екі ай бойы азаматтарды алдап, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, ақшасын алған. Оның бір әйелден 300 мың теңге алып, қалтасына басқаны анықталды. Әйелдің жеңіл жүрісті екенін білген соң оған телефон шалып, айыппұл саламын деп қорқытып, ақшаны өз есепшотына аударуды талап еткен.

Қазір күдікті изоляторға қамауға алынған, оның тағы осындай 3 алаяқтық қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері