Нұр-Сұлтан -6.3°
19.11.2021, 18:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада құрма гүлдеді

Астана ботаникалық бағында алғаш рет құрма пальмасы гүлдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада құрма гүлдеді

Ботаникалық бақтың жылыжай кешенінде пальма ағаштарының 8 түрі бар. Олардың барлығы 2018 жылы жылыжай кешенінің ашылуы кезінде отырғызылған.

Бақ қызметкерлерінің мәліметінше, биыл Адонидия, Хамеропс және құрма сынды үш пальма ағашы гүлдеген. Бұл аталған өсімдіктердің бейімделу мезгілінен өтіп, жеміс беру мезгіліне өткендігін түсіндіреді.

Ботаникалық бақ 2018 жылы астананың 20 жылдығы қарсаңында құрылған болатын. Онда фикус, лимон, драцен, апельсин, папоротник, пальма және т.б. тропикалық мемлекеттерден әкелінген 1 100 өсімдік отырғызылған. Екінші климатронда 960 суккулент отырғызылған. Олардың арасында әлемде сирек кездесетін коллекциялық кактустар мен гибридтер бар.

                                                 Қалиакбар Үсемханұлы

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері