Нұр-Сұлтан -0.1°
19.11.2021, 17:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үй өртенді

Нұр-Сұлтанда Боталы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй өртенді. Алдын ала мәліметтер бойынша, тұрғын үй кешенінің бірқатар қабаттарында лифт шахтасындағы электр кабелі жанған, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үй өртенді

Төтенше жағдай бүгін, 19 қарашадада болды. Сағат 15:29-да Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері өрт туралы хабарлама алып, Боталы көшесі, 26 мекенжайы бойынша оқиға орнына барды.

“Өрт сөндірушілер келген соң 6 минуттан кейін «Европейский» тұрғын үй кешенінің 18-қабатында, №1 кіреберісте 10-нан 14-қабатқа дейінгі шахтада электр кабельдері жанғаны анықталды. Қазіргі уақытта адамдарды эвакуациялап жатыр”, - деп хабарлады елордалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру жұмыстарына департаменттің жеке құрамынан 22 адам мен алты техника жұмылдырылды.

Куәгерлердің айтуынша, үйден адамдар көмек сұрап, айқайлаған дауыстары естілген. Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері