Нұр-Сұлтан -4.2°
18.11.2021, 16:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада өрт оқиғалары жиілеп кетті

Бас қалада өрт оқиғалары жиілеп кеткен. Биыл 640 өрт оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 11 адам көз жұмған және 139 млн теңге шығын келтірілген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада өрт оқиғалары жиілеп кетті

“Өрт оқиғаларының 40 пайызы үйлерде, әсіресе жер үйлерде болады. Оның басты себептері – қолданатын жылыту пештерінің ескіргендігі. Сондай-ақ электр сымдарының да тозығы жетуі өрттің шығуына себеп. Тұрғындардың көбі саяжайларда тұрады, ол жақта үйлер қысқы уақытта тұруға ыңғайластырып салынбаған. Біз оларға профилактикалық шаралар өткізіп, жадынама таратамыз, пешті қолдану ережелерін түсіндіреміз, сонда да өрт оқиғалары азаймай отыр”, - дейді департамент басшысы.  

Мұндай кемшіліктерді ТЖД мамандары жылда 15 тамызда жылыту маусымына дайындық басталғанда жүргізілетін тексерулер нәтижесінде де анықтайды. Елімізде үйдегі өрт қауіпсіздігінің бұзылуы бойынша биыл 158 мың факт тіркелсе, соның ішінде елордада 19 мың қауіпсіздік ережелерін сақтамау фактілері есепке алынған. Сол фактілердің 40 пайызы жылыту пештерінің ескіргендігімен, 43 пайызы электр сымдарының тозығы жетуімен байланысты болған.

Райхан Рахметова

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері