Нұр-Сұлтан -4.8°
18.11.2021, 14:25
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада автобус жүргізушілері 212 рет жол ережесін бұзған

Көліктік бақылау департаментінде Нұр-Сұлтан қаласы автобус парктерінің өкілдерімен жұмыс кеңесі өткізілді, деп хабарлады Elorda.info CTS компаниясына сілтеме жасап.

Елордада автобус жүргізушілері 212 рет жол ережесін бұзған
Фото: Сұлтан Сейітов

Талқылау барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің аялдама пунктіне кірмеуі, қозғалыс аралығын сақтамау, ЖҚЕ бұзу және т.б. бұзушылықтары қаралды.

Айта кетейік, жыл басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 212 фактісі тіркелген.

Кеңес қорытындысы бойынша автобус парктерінің басшылығына жүйелі бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері