Нұр-Сұлтан -0.8°
17.11.2021, 12:45
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада электр кабелін зақымдаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ елордада кабельдік желілерді зақымдаған кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қозғады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада электр кабелін зақымдаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды

Көтерме сауда нарығында электр энергиясын тұтынушылар энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы арасындағы нормативтік-құқықтық акттарды реттеуші № 143 25.02.2015 ж. бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидалары болып табылады.

Сонымен, Ереженің 61 тармағына сәйкес «Тұтынушының кінәсінсіз (пломбаның бүтіндігі және есептеу құралының алдыңғы актіде көрсетілген орнатуы және аспаптық тексерісіне сәйкес келген жағдайда) коммерциялық есепке алудың бұзылуы анықталған жағдайда, тұтынудың есебін энергия беруші ұйым алдыңғы немесе электр энергиясының қаржысы мен есепке алу схемасы түзетілген келесі есептік кезеңнің орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бұзылу анықталған күннен бастап коммерциялық есепке алуды бұрынғы қалпына келтіру күніне дейінгі аралықты қамтиды, алайда ол мерзім күнтізбелік отыз күннен аспауы қажет. Тұтынушы коммерциялық есепке алуды бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күндік мерзім ішінде қалпына келтіреді. Бұзушылық анықталған күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн өткен соң коммерциялық есепке алу қалпына келмеген жағдайда, есеп айырысу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуат бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағат пайдалануды ескеріп, қосу коммутациялық аппаратының номиналды тогы бойынша жүргізіледі.».

Ережелерді білмеу және орындамау тұтынушыны теріс салдарға алып келуі мүмкін, атап айтқанда, қайта есептеуге, электр энергиясын шектеуге (тоқтатуға).

Қазіргі уақытта өзекті 2 мысалды қарастырамыз:

1-МЫСАЛ. 15.05.2021 ж. ЭБҰ қызметкері азамат С. коммерциялық есеп құралына тексеріс жасаған, нәтижесі бойынша, КЕҚ-ның тексеріс арасы интервалы өтіп кеткені анықталды. ЭБҰ нұсқама беріп тұтынушыға КЕҚ-ны тексерістен өткізуге және есепке алуға өтініш беруін нұсқайды.

Электр энергиясын қолдану есебін ЭБҰ алдыңғы немесе келесі есептік кезеңді 30 күнтізбелік орта тәуліктік шығынмен есептейді, онда электр энергиясын есептеу қорлары және сызбалары қызмет көрсетуге жарамды болған.

Тұтынушы мен ЭБҰ қажетті іс-шаралар орындалған. Қайта есептеу жоқ.

2-МЫСАЛ. 02.04.2021 ж. ЭБҰ қызметкері КЕҚ тексеріс жасаған ЖШС («Мотель мен көлік жуу»), нәтижесі бойынша, КЕҚ-ның және тоқ трансформаторларының тексеріс арасы интервалы өтіп кеткені анықталды. ЭБҰ нұсқама беріп тұтынушыға КЕҚ-ны және тоқ трансформаторларын тексерістен өткізуге және есепке алуға өтініш беруін нұсқайды. Бекітілген мерзімде (02.05.2021 ж.) ЖШС бұзушылықтарды жойған жоқ. Есепке алу 15 күн мерзімі өткеннен кейін 17.05.2021 ж. қабылданған (яғни, бұзушылықтарды анықтағаннан кейін 45 күн өткен).

Бұл кезде ЭБҰ электр энергиясын есептеуді техникалық шарттарға байланысты тәулігіне 24 сағат қолданыспен есептеді, атап айтқанда: W =  Р разр. х N х 24

Р разр. – техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуат;

N – есепке алуға дейінгі күн саны (30 күнтізбелік күндерді есептемегенде)

24 – тәулігіне қолданыс сағаттары

Есептеуге келтірсек

W =  250 кВт х 15 күн х 24 сағат = 90 000 кВт сағат (ақшалай эквивалентте мөлшерлемесі 22,43 теңге (ҚҚС-сыз) болғанда 2 018 700 теңге құрайды).

Департамент тұтынушыларға бұзушылықтарды уақытында жоюды ұсынады, сұрақтар болған жағдайда: Нұр-Сұлтан қаласы Кравцов көшесі, 18 үй, 418, 419 каб., тел. 28-23-27 хабарласуды сұрайды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері