Нұр-Сұлтан -4.8°
16.11.2021, 13:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада Pfizer вакцинасын бірінші күні қанша адам алды?

Елордада Файзер препаратымен алғаш күнде 339 адамға екпе салынды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада Pfizer вакцинасын бірінші күні қанша адам алды?

Нұр-Сұлтан 15 қарашада американдық вакцинаны егу басталды. Бір тәулік ішінде Pfizer-ге тиісті контингенттен 339 адам екпе алды.

Оның ішінде 14 – жүкті әйел (жүктіліктің 16-36 аптасы), 133 – бала емізетін ана және 192 жасөспірім.

«Кеше Нұр-Сұлтанда осы препаратпен вакциналауға жататын азаматтарға екпе салуды басталды. Алғашқы күні жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, жасөспірімдер арасынан екпе алғысы келетіндер көп болды. Оқушылар, студенттер ата-аналарымен бірге келіп, белсенділік танытты. Сонымен қатар, вакцинация қала мектептерінде жақсы жүргізілді. Барлығы мдициналық тексеруден өтіп, вакцина алуға дәрігердің рұқсатын алды, әрқайсысына түсініктеме берілді", - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімдер арасында екпе алғандардың көбісі 16-17 жас аралығында – 127 бала.

Рүстемова вакцинацияның осындай қарқынын сақтап, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру басқарма жоспарында бар екенін атап өтті.

“Вакцинацияға жататын контингентке қоңырау шалу және шақыру әлі де жалғасуда”, - деп толықтырды ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, аталған санаттағы адамдарды вакцинациялау тек медициналық ұйымдардың пункттерінде және қалалық мектептердің медициналық пункттерінде жүргізіледі.

Қала бойынша барлығы 5 мың жүкті әйел, лактация кезеңінде 28 мың әйел және 63 мың бала Pfizer препаратымен вакцинациялауға жатады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері