Нұр-Сұлтан -4.8°
16.11.2021, 07:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?

Elorda.info бүгін, яғни 16 қараша күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету және жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралады.

10.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында онлайн-кездесу өткізеді.

10.30-да «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Қазақстандағы телекоммуникация және цифрландыру саласының даму болашағы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де бейнеконференция форматында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Каспий Құбыр Консорциумы қатысушыларының акционерлер шартына қол қойылуының 25 жылдығына орай салтанатты отырыс өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасында Ирак Елекеевтің төрағалығымен өтетін Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.

15.00-де бейнеконференция форматында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қатысушыларының отырысы өтеді.

16.00-де ANTIKOR ORTALYGY алаңында Қазақстан құрылысшылар одағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен бірлесіп баспасөз мәслихатын өткізеді.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағының жастар бірлестігі мүшелерінің «Өзгерістер кезеңі» көрмесі ашылмақ.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері