Нұр-Сұлтан -6.3°
15.11.2021, 10:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Орталықтандырылған кітапханада ақынмен кездесу өтті

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесінде белгілі ақын, Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетовамен «Өміріме өрнек салдым өлеңмен» атты кездесу кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Орталықтандырылған кітапханада ақынмен кездесу өтті

Парламент депутаты кітапхана жұмысымен танысып, ұжыммен пікір алмасқаннан кейін қонақтармен кездесті. 

Нұр-Сұлтандағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясы Ақмола колледжінің студенттері мен қала мектептерінің оқушылары кездесуге белсенді қатысты. Жастар өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қойып, жалынды жыр тыңдап, рухани әсерге бөленді. Қаланың зағип жандарынан құралған өнерлі азаматтар ән шырқап, күмбірлете күй тартты.

Зағиптардың халықаралық мерекесінде еліміздің көру қабілетінен айырылған адамдарға назар аударылып, қамқорлық танытуға арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Олардың білім алуына, өз құқықтарын дұрыс пайдалануына, салауатты өмір салтын жүргізуіне арналған жағдайлар қарастырылады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері