Нұр-Сұлтан 18.6°
×
13.11.2021, 13:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Бұл жолғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарының тауар өндірушілері мен Нұр-сұлтан қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынуда, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде
Фото: Жанат Тукпиев

Жәрмеңкеде сұранысқа ие өнімдердің кең ассортименті ұсынылған. Атап айтқанда, сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және сүт өнімдері, көкөністер, оның ішінде картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, сондай-ақ жемістер, жұмыртқа, балық, жарма және жоғары сұрыпты ұн.

«Қазір жәрмеңкенің басы ғана. Ауа-райына қарамастан, келушілер саны артып келеді. Сатып алушылар көп. Бізде дүкендерге қарағанда бағалар әлдеқайда төмен. Бүгін ет пен көкөністер көптеп саудалануда. Кешке дейін жұмыс істейміз», - деді сатушы Бақтияр.

Бағаларға келетін болсақ, жылқы етінің бір килограмын 2200 теңгеге, сиыр етін – 2000, қой етін – 2000, құс етін – 1000, пісірілген шұжықты – 850-2000, ал картопты – 140 теңгеге сатып алуға болады.

«Мен жақын жерде тұрамын. Базарға барғаннан гөрі апта сайын жәрмеңкелерге барған тиімді. Мұнда бағалар қолжетімді әрі түрлі аймақтар не әкелетінін көру өте қызықты. Жәрмеңкелердің аяқталғаны өкінішті-ақ. Соңғы айда мен мұнда ет, көкөніс, жеміс-жидек сатып алдым. Барлығы жақсы бағамен. Менің ойымша, бұл жақсы идея және ол өз жалғасын тапса екен деймін», - деді елорда тұрғыны Бану Ахметжанова.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қараша күні Нұр-Сұлтандағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы өз мәресіне жетеді. Бұл күндері 200-ден астам тауар өндіруші өз өнімдерін саудаға шығарады. Сонымен қатар, өнімнің бағасы нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен.

Биыл елордада жәрмеңкелер жаңа форматта өткенін атап айтқан жөн. Оған аймақтардағы тауар өндірушілерден бөлек, жергілікті сатушыларда қатысты. Сөйтіп, белгілі бір өңірлерде жоқ өнімдер ұсынылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері