Нұр-Сұлтан 20.6°
×
12.11.2021, 15:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада бір мезетте 7 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтанда 7 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада бір мезетте 7 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

«Сағат 08.10 шамасында Mercedes автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Бұхар жырау көшесінен Түркістан көшесі арқылы Орынбор көшесіне қарай жүріп келе жатып, тізгінге ие бола алмай, алдында тұрған алты көлікпен соқтығысуына себепкер болған. Соның салдарынан Mercedes автокөлігінің екпінінен жол бойында тұрған KIA Cerato автокөлігі жол жиегіне шығып кеткен», – делінген Полиция департаментінің баспаөз қызметі таратқан ақпаратта.

Апат салдарынан бірнеше адам зардап шеккен.

«Төрт жүргізуші мен бір жолаушы жарақат алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді қозғалыс кезінде барынша мұқият болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтау керектігін ескертеді», – деді департамент өкілдері.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері