Нұр-Сұлтан 18.8°
×
11.11.2021, 10:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды

Елорда әкімдігі аулалар мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруға ерекше көңіл бөледі. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспарының аясында 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды
Фото: astana.gov.kz

Аула мен балалар алаңдарын абаттандырумен қатар, өткен жылдан бастап қараусыз қалған көпір асты кеңістіктері Триатлон паркінің жанында және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанында стритбол алаңдары, скейт аймақтары, қоғамдық өнер мен нағыз тартылыс нүктелеріне айналды.

Елорданың дизайн-кодын қолдана отырып, "Адамдарға арналған қала" тұжырымдамасының қағидаларын пайдалану кезінде жаяу жүргіншілердің белсенділігін ынталандыру үшін "Demalys Promenade" жаяу жүргіншілер көшелері және "Театральный" бульвары құрылды. Жаяу жүргіншілердің жаңа көшелерін ұйымдастыру Нұр-Сұлтанның тарихи орталығындағы қоғамдық кеңістікті жандандыруға алып келді және маршрутты қалалық жағалаумен байланыстырды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің жағасындағы саябақ абаттандырылды.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында биыл Студенттер саябағында "NS street life" көше спортының колизейі орнатылды, онда түрлі жарыстар өткізіледі. Жақында "Атырау" көпірінің және "Ататүрік" атындағы саябақтың астына жаңа скейт-алаңдар салынды.

Есіл өзенінің жағасында Сарайшық көшесіндегі көпір маңындағы Триатлон-саябақта бассейндері бар жасанды жағажай салынды. Ол өзенге қарайтын оқшауланған тақтай аралында жабдықталған.

Аулаларды абаттандыру кезінде Президенттің тапсырмасы бойынша көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл елордада 1 миллионнан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызылды. Естеріңізге сала кетейік, Триатлон парк маңында биыл жөке ағашы мен сирень бұталары отырғызылды. Осылайша, елордада сирень мен емен бағы пайда болды. "Астана Опера" театрының іргелес аумағына 1000 түп бөртегүл мен 700 емен отырғызылды.

Елорда әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық алаңда қалалық сквер де пайда болды. Бұл учаскеде бұталар мен гүлдер отырғызу жоспарланған ландшафт аралдары құрылады.

Өткен жылы Нұр-Сұлтанда 76 гектардан астам жер абаттандырылып, 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды. "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспарына сәйкес 2021 жылы жалпы алғанда 190-нан астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері