Нұр-Сұлтан 12.4°
×
09.11.2021, 22:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада бір тәулікте 700-ден астам адам жол ережесін бұзған

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті 8-17 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада бір тәулікте 700-ден астам адам жол ережесін бұзған

Бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері 710 жол ережесін бұзу фактісін анықтады. Оның біреуін қоғамдық көлік жүргізушісі жасаған. Ал 53 жүргізуші техникалық тексерістен өтпеген көлікті жүргізген және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 25 жүргізуші ұсталып отыр.

Сонымен қатар 11 жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетсе, 16 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен. Мас халде көлік жүргізгені үшін 16 жүргізуші ұсталып, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ 6 азамат темір тұлпарды тізгіндеген және айып тұрағына 52 автокөлік қойылған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері