Нұр-Сұлтан 20.6°
×
08.11.2021, 21:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгіннен бастап «жасыл» мәртебесі жоқ елордалықтарға жол жабық

Нұр-Сұлтанда вакцина алмағандар, Ashyq-та «көк» мәртебесі барлар сауда, ойын-сауық орталықтарына енді кіре алмайды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгіннен бастап «жасыл» мәртебесі жоқ елордалықтарға жол жабық

Кей елордалықтар мұндай жаңашылдыққа түсіністікпен қараса, кейбірі орталықтың есігі алдында тұратын тексерушілердің ескертулеріне құлақ асар емес. Күзетшілер «көктердің» соңынан жүгіріп барып, сауда үйлерінен қуып әлек. Ал медициналық қарсы көрсетілімі бар тұрғындар құжаттарын көрсеткеннен соң ғана кіргізілді. Өйткені сауда, ойын-сауық орталықтарында егу пункттері әлі бар. Егер адам вакцина алуға келген болса, пункттегілер оларды есік алдынан өздері алып кетуі тиіс.

Бұл ретте «Атамекен» ҰКП жаңа шектеу бизнесті тағы тұралатады деп есептейді. Яғни сауда, ойын-сауық орталықтарына баратындар қатары 20 пайызға қысқарып, іштегі шағын және орта бизнес тағы да шығынға батады екен.

«Қазір бизнесті пайдаланып, вакциналау деңгейін арттыруды ойламау керек. Шынын айтсақ, бұл ешқандай ұтымды әдіс емес. Керісінше, «көк» мәртебесіндегі 2 миллион адамның не себепті вакцина алмай жүргенін зерттеу керек. Айналып келіп, бизнесті қозғай береді. Кәсіп қазір қыл үстінде тұр», - дейді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері