Нұр-Сұлтан 18.6°
×
04.11.2021, 21:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Емін елордадан табатындар көп - Ержан Балтаев

Нұр-Сұлтан медицина ордасына айналады. Бүгінде осы бағытта 6 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Бұл туралы Инвестициялар және кәскерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев El-Orda Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.

«Халықаралық JCI сертификатын алған 7 медициналық ұйым бар. Яғни, олар әлемдік стандартқа сай қызмет көрсететін орталықтар қатарында. Әсіресе, стамотология өте жақсы дамыған. Оны шетелдіктердің өзі де мойындайды. Астанада жұмыс істеп жүріп, тісін емдетеді. Біріншіден, арзан, екіншіден, сапалы және қолжетімді. Келесі, Кардохирургия орталығынан Пя Юрийді әлем мойындайды, өте мықты маман. Қазақстанға сол сияқты білікті дәрігерлерді шетелдіктер арнайы іздеп келеді. Медициналық туризмді дамыту үшін әкімдік тарапынан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан тығыз жұмыс істеп, инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізудеміз. Бүгінде медициналық туризм бойынша 6 жоба жүзеге асып жатыр. Бәсекені арттыру арқылы бұл саланы да дамытамыз», - деді Ержан Балтаев.

Оның айтуынша, бүгінде іскерлік туризмге көңіл бөлініп отыр. Оған қызығушылық та жоғары.

«Әлемдік жиындарды өткізу үшін 10-ға жуық ғимаратымыз бар. Қалада туристерді қабылдайтын 200-ден астам қонақ үй орналасқан. 5 миллион 700 мың жолаушыны қабылдауға қауқарлы әуежайымыз тұр. Одан бөлек, спорт және мәдени туризмнің де әлеуеті жоғары», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар елордада телемедицина, роботты техника, жасанды интеллект арқылы емдеуге сұраныс жоғары екен. Коронавирусқа байланысты медициналық туризм шаралары шектелсе де, былтыр 50, биыл 47 шетелдік азамат емделуге келген. Бір ғана Ұлттық нейрохирургия орталығының өзіне соңғы 10 жылда 350 шетел азаматы келіп, емделген.

Наима Нұралықызы

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері